Суық тию туралы бала әзілдері

Балалар ауырған кезде, олар біздің ең сүйкімді және көңілді әзілқойларымыз болуын тастамайды. Көбінде олар ересектерге ішек-сілесі қатқанша күлдірерлік нәрселерді ең байсалды түрмен айтады.

«Одна минутка» Дзен арнасының оқырмандары өз балаларының сөздерін жіберді. Оқимыз!

1. «Менің төрт жасар қызым ЖРВИ-мен ауырған кезде, қыңқылдап, әжесінде сияқты бегемотпен шай сұраған. Біз бұл не шай деп ары ойлап, бері ойлап, басымыз әбден қатты. Ал бұл болса бергамот қосылған шай туралы айтылған екен!»

2. «Балабақшалар жұмыс істемеді де, ұлымыз әже-атасында болды. Өзіне суық тиіпті.

Үйге әкелген соң, одан: «Әжен саған дәрі берді мен?» деп сұрасам.

«Таяқ берді!» («Люлей давала») деп жауап берген.

Кешке ата-анама қоңырау шалдым. Олар бізбен бірге ұзақ күлді, әжесі түсіндірнедей, ол дәрі берген (давала пилюли). Вирусқа қарсы дәрі іштірткен. Ал Ванька болса оларды «люли» деп атауын қоймайтын.

Енді қазір балабақшада оған үйде «таяқ жегізгенін» («люли») айтпаса болды!

3. Барлық вирустар терезе арқылы ұшып кететіндей үйді желдетіп тұру керек екенің, сонда айығып кететінің қызыма түсіндірдім. Біраз уақыттан кейін қарасам өзі мультфильмдер қарап отырып, газетпен бетін желпуішпен сияқты желпіп отыр. Мен оған: «Саған ыстық па? деп сұрасам, ол маған: «Мама, сен түсінбедін бе?! Мен вирустарды өзімнен қуып жатырмын!» деп жауап берді.

4. Бірінші сыныпта оқитын балам аурып қалып, үйде қалдық. Кеше түлкінің суретін салдық. Түлкінің тұла бойы болса қара нүктелерде. Мен «Бұл не?» деп сұрағанда, ол әлденені еске түсіргендей ойланып: «Бұл летаргия» (Аллергия!) деп жауап берді.

5. Дәрігер Аркашаға емдеу қалай жүріп жатқанын көру үшін екінші рет келіп, «Тыңдау үшін» ішкөйлегін көтеруін сұрады. Бұдан кейін Аркаша сыбырлап: «Ал, олар сізге не деді?» деп сұрады. Доктор: «Олар?! Кімдер?» Аркаша: «Менің бациллаларым» деп жауап қатты.

Ал сіздің балаларыңыз жиі ауырады ма?

Айтпақшы, психологтар аурудың басталуы, соның ішінде маусымдық суық тиюлерге психологиялық себептер түрткі болады деп санайтынын білдіңіз бе? Бұл тақырыпта маманмен қызықты бейнеролик бар. https://youtu.be/VwoFCLS8b_o

Поделитесь статьей