Ауырған кезіде тәттіден бас тарту!

Күз, бір жағынан, көздің жауын алар керемет уақыт. Ал екінші жағынан – балабақша мен мектепке оралу кезеңі, балалардың мұрны ағып жүретін, ЖРВИ, тұмау кезеңі.

Осы кезеңде балаға арнап үйлесімді диетаны қалай құруға болады. Мүмкін зиянды бірденеден бас тарту керек шығар?

Мысалы, тәттілерден!

Балалар ауырған кезде жиі-жиі тамақтан бас тартады, ал шоколадқа келетін болсақ – 

оған әрдайым тәбеттері бола береді.

Мұнда ең бастысы берілмеу және бұл жағдайда ол тәттілік ешбір жақсылыққа әкелмейтінін түсіну.

Одан да кептірілген жемістерді немесе жидектерді ұсынған дұрыс болады.

Жеуге мәжбүрлеудің қажеті жоқ, бірақ жиірек ұсынып тұру қажет.

Көбірек су ішу, кейбіреулері компот ішкен дұрыс дейді, бірақ біздің жағдайда бұл жұмыс істемейді, және қайнатылған жемістердің пайдасын көріп тұрғаным да шамалы.

Ал смузиге келетін болсақ, оның жөні бөлек, смузиде тек қана жемістерді ғана емес сондай-ақ көкөністерді де үйлестіруге болады.

Немесе сумен сұйылтылған жаңа сығылған шырын.

Осындай кезеңде желінетін тамақтың нәрлілігі өте маңызды, ол тамақ тұмау маусымында иммунитетті нығайтуға септігін тигізетіндей барынша дәрумендер мен минералдарға бай болуы керек.

Дұрыс әрі пайдалы тамақтанумен қатар, менің балаларыма күнделікті серуендеу өте жақсы әсер ететінін байқадым, бірақ сауда орталықтары мен азық-түлік дүкендерінде емес, таза ауамен толыққанды рахаттана алуға болатын саябақ пен ормандағы серуендер.

Бұл профилактикаға қатыстысы, ал ауырып қалған кезде, онда:

  • Үйде біз ылғалдандырғышты бірден қосамыз және жиі-жиі үйді желдетеміз.
  • Емдеуді бастау үшін дәрігерді тезірек шақырамыз.
  • Мультфильмдерді көруді азайтамыз, себебі онда бала аз қозғалады және қызыну салдарынан температурасы жоғарылауы мүмкін.
  • Одан да шығармашылықпен айналасуды немесе кітап оқуды бастаған дұрыс, тек баланы бұған мәжбүрлемеу керек.

Нутрициологтан пайдалы бейнеролик: …

Настя Ефимованың Дзен арнасының материалдары бойынша https://zen.yandex.ru/nastyaef

Поделитесь статьей