Бала-бақшаға баруды қаламағаннан ауырып қалуға бола ма? (Спойлер: иә)

Біз толқып, үрейленген кезде жүрек соғысымыз жиілейді; ашуланған немесе ұялған кезде – бетке қан жүгіреді; ғашық болған немесе тәнті болсақ – диафрагма деңгейіндегі бір жерде біз жылуды, ал тұла бойымызда жеңілдікті сезінеміз. Мұның бәрі сізге таныс, солай емес пе? Ал бала ол бастан сол немесе өзге эмоцияларды бастан өткеріп, күш-қуаттың артуын не әлсізденуді сезінуі мүмкін.

Балабақшаны ұнатпау – өкінішке орай, сирек жағдай емес. Сонымен қатар, бұл барлық балалар белгілі бір дәрежеде ыңғайсыздықты сезінетін бейімделу кезеңі туралы ғана емес. Жиі науқастанып және мектепке дейінгі мекемеге бару қажеттілігіне үйренбей-ақ қойған кей балаларды «бала-бақшалық емес» деп атайды. Бірақ мұндай балалар аз. Бірақ кез-келген балақайда балабақшаға барғысы келмейтін кездер туындауы мүмкін және ол оңай науқастанып қалуы мүмкін (сылтауратпай, атап айтқанда эмоционалды фонның бұзылуына байланысты ауырып қалуы мүмкін).

Оларды жоюдың себептері мен тәсілдерін бірге қарастырайық.

Бала тым кішкентай

Иә, себеп өте қарапайым да болуы мүмкін: бала әлі балабақшаға баратындай жасқа толмаған. Сіздің үш жасар балаңыз ұрыс алдында сияқты күн сайын таңертең жылап жатса, мұнда екі жасынан бастап балабақшаға немесе ҚМБТ-ға қуана жүгірген көрші Васямен немесе Машамен салыстырудың қажеті жоқ. Мүмкін, жарты жылдан кейін ол дайын болып, бала-бақшаға тыныштау барар. Егер мұндай мүмкіндік болса, баланың өсуіне уақыт беріңіз.

Бала-бақшада баланы ренжітуде.

Өкінішке орай, балаларды кейде құрдастары ренжітеді, ал жұмыстың көптігінен қолдары босамай мұғалімдер бұған әрдайым назар аудара бермейді. Егер кішкентай бала сізге оған біреудің күлетінін, онымен дос болғысы келмейтінін немесе басқа балалардың оны итеріп/тістеп/шымшып тастайтынын айтса, балалардың мәселелеріне құлақ асыңыз. Тәрбиешімен немесе ренжітушінің ата – анасымен ересектерше, сеніммен және байсалды сөйлесіңіз. Егер мәселені шешу мүмкін болмаса, топты немесе тіпті балабақшаны ауыстыру туралы ойланыңыз, себебі сіздің балаңыздың эмоционалдық амандығы мен жайлылығынан маңызды ештеңе жоқ.

Балаға тәрбиеші ұнамайды

Тіпті бүкіл топ мұғалімді жақсы көрсе де, ол дәл сіздің балаңызға ұнамауы мүмкін. Әрине, себебін түсінген дұрыс, өйткені мұғалім жай ғана қатты сөйлеуі мүмкін (балалар көп), ал сіздің балаңыз мұндай сөз екпініне үйренбегеннен, оған уақыт пен тәрбиешіге сіздің үйден гөрі қатты сөйлеу керек екенін түсіну мүмкіндігі қажет, өйткені топта бала көп, және тәрбиешіге бәріне естіртіп айту қажет. Қалай болғанда да, баланың мұғалімді ұнатуына немесе балақайдың өзі ұнататын адамды табуға күш салу керек.

Қоқан-лоқы мен қорқыту

Кейде ересектер әлсіздіктен немесе шаршағаннан балаларға кейін өздері өкінерлік сөздер айтады. Мысалы, біреу балақайға, егер ол тыңдамаса, анасының балабақшаға оны алып кетуге келмейтінің айтуы мүмкін. Немесе ата-аналардың, әжелердің немесе тіпті бейтаныс адамдардың сөздерінде: «Егер сен бөліспесең, балабақшада сізбен ешкім дос болмайды» деп айтып қалуы мүмкін. Сонда бала балабақшадан қауіптеніп, үрей сезінеді. Егер сіз өзіңіздің немесе жақындарыңыздың әңгімелерінен осындай сөздерді байқасаңыз, балаңызбен сөйлесіп, мұның бәрі дұрыс емес екенін және сіз оның қалай қорқып қалғанын түсінетіңізді айтып жеткізіңіз. Баланы тыныштандырып, оны әрдайым бала-бақшадан алып кететіндігіңізді және бала-бақшада қауіпсіз екенін айтып отырыңыз.

Балаға анасымен қарым-қатынас жетіспеуде

Иә, сіз балаңызбен бірге көп уақыт өткізесіз, бірақ кейде телефон, теледидар және басқа жұмыстар сияқты ұсақ-түйектер мен алдарқатулар анамен толыққанды қарым-қатынасқа кедергі келтіреді. Ал бала ауырса және бала-бақшаға бармай қалса, анасы оған өзінің бар уақытын қайтадан арнайды, сондықтан балаға ауырған тиімді болып көрінуі мүмкін. Жоғарыда жазғанымыздай, бұл сылтаурату емес, нақты психосоматика. Әдеттегі сценарийді өзгертуге тырысыңыз: оны бала-бақшадан алған кезде баламен мүмкіндігінше көп уақыт өткізіңіз, сондай-ақ балаңызды мектепке дейінгі мекемеге таңертең апарған кезде әр-түрлі жағымды салттарды ойластырыңыз. Балақайда бала-бақшаға бару және одан келу, анасымен қоштасудың назды және әсерлі сәттерімен және көптен күткен кездесуден қуанышпен байланысты болсын. Мәселеге тереңірек үңіліңіз: баланың балабақшаға барғысы келмеуінің себебін іздеңіз және балаға қолайлы психоэмоционалды фон жасаңыз. Ал баланың денсаулығы мен мықты иммунитеті жайлы қамды Эргоферон кешенді препаратына сеніп тапсырыңыз – ол балабақшада ғана емес тіптен аз ауыратындай вирустармен күресуге көмектеседі және бала ағзасының қорғанысын күшейтеді.

Поделитесь статьей