Бір жасқа дейінгі бала ЖРВИ-мен ауыруы мүмкін бе?

Жаңа туған нәресте сондай дәрменсіз болып көрінеді, ол вирустармен кездесуге мүлдем дайын емес сияқты. Дегенмен, бір қарағанда солай көрінгенмен нәрестелер соншалықты қорғансыз емес асыл уыз тамшыларымен бірге нәресте оны қорғайтын ананың иммуноглобулиндерін алады.

Өмірінің бірінші жылындағы бала иммунитеттің ерекшеліктері

Бала туғаннан кейін бірден біздің айналамызда өмір бойы болатын барлық қоздырғыштарға тап болады: олардың арасында әртүрлі бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар бар. Бұл «көңілді серіктер» баланың денесіне тыныс алу жүйесі, тері, асқазан арқылы еніп, оның бойында белсенді түрде орныға бастайды. Бұл баланың иммундық жүйесінің жетілуінің маңызды факторы.

Өмірдің бірінші айында нәресте тек аналық антиденелермен қорғалған, оның өзі тек емшек сүтімен қамтамасыз етілген жағдайда ғана мүмкін. Осы кезеңде нәресте инфекцияларға өте сезімтал болып келеді, сондықтан өмірінің алғашқы күндерінде оған маңызды егулер жасалады: В гепатитіне және туберкулезге қарсы егулер.

Бірақ өмірінің бірінші жылындағы балаларда ең көп кездесетін аурулар- жедел респираторлы вирустық инфекциялар (ЖРВИ), себебі вирустар ағзаға оңай енеді, ал қоршаған ортада болса олардың саны өте көп, ал баланың өзіндік иммунитеті тек қалыптасып келе жатыр, ал 6 айға қарай анадан балаға берілетін антиденелердің көпшілігі жоғалады.

Емшектегі баланың ағзасын мықтап қорғау үшін келесілері маңызды:

  • емшекпен емізу;
  • жүктілік кезінде және емшек сүтімен емізу кезінде ананың сапалы және толыққанды тамақтануы;
  • жүктілікке дейін және жүктілік кезінде ананы вакциналау;
  • баланы егу кестесі бойынша вакциналау;
  • таза ауада серуендеу;
  • шырышты қабаттардың кебуіне жол бермес үшін бөлмедегі жақсы ылғалданған ауа;
  • шамадан тыс қымтау мен салқын тигізуден аулақ болыңыз;
  • анамен тері-мен-тер сияқты тығыз байланыста болу;
  • иммунитетті жаттықтыру және оны қоршаған ортамен таныстыру үшін жақсы гигиена, бірақ зарарсыздық емес.

ЖРВИ белгілерін басқа аурулардан қалай ажыратуға болады

Өкінішке орай, нәрестелер оларды не мазалайтынын немесе қай жерлері ауыратынын айта алмайды. Нәрестелердегі зат алмасу өте тез болатындықтан, алғашқы белгілердің пайда болуы тез жүреді. Және ата-аналарды келесі белгілер елең еткізу керек:

  • сылбырлық – вирустық ауру кезінде нәресте сыртқы қоздырғыштарға немесе тіпті анасына назар аудармауы мүмкін;
  • ЖРВИ аясында кейде құсу орын алады, нәресте жарық пен дыбыстарға деген сезімталдығы артады, ол алаңдаушылық білдіруі мүмкін, жылап және тамақтан бас тартуы мүмкін;
  • мұрынның ағуы, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі және тамақтың қызаруы;
  • балақайда көздің шырышты қабаттары қабынуы мүмкін (конъюнктивит) немесе құлаққа тигенде ауырсыну (отит) пайда болуы мүмкін.

Аталған белгілердің бірі пайда болған кезде педиатрге жүгіну қажет. Егер балақайдың қызуы жоғары болса, ол тым сылбыр болса, тұншығып, бозарып, көгеріп немесе қызарса – бұл жедел жәрдем шақыруға әбден себеп!

Өмірінің бірінші жылындағы балаларда ЖРВИ-ді емдеу

Әр нәресте үшін емдеу схемасын дәрігер жеке таңдайды, бірақ әдетте жалпы ұсыныстар бар: молынан су ішу, мұрынның шырышты қабығын тұзды ерітіндімен емдеу, қақырықты шығарту үшін дренажды массаж.

Антибактериалды, вирусқа қарсы, қызу басатын дәрі-дәрмектер немесе антигистаминдер болсын, кез-келген дәрілерді тек қатаң түрде дәрігердің нұсқауы бойынша ғана беруге болады.

Көбінесе балалармен бірге үлкендер де ауырады. Өзіңіз туралы ұмытпаңыз, себебі балаға қамқорлық жасау көп күшті қажет етеді. Мүмкін емдеу құралы ретінде дәрігер Эргоферонды ұсынар. Бұл заманауи вирусқа қарсы препарат ЖРВИ вирустарының әртүрлі түрлерімен күресу үшін арнайы жасап шығарылған. Сонымен қатар, препаратты қолдану жоғарғы тыныс жолдарындағы қабынуды жеңілдетуге, аурудың негізгі белгілерін жеңілдетуге және ағзаның өзіндік қорғаныс ресурстарын белсендіруге көмектеседі. Препарат ересектер және 6 айдан асқан балалармен қолдануға рұқсат етілген.

Поделитесь статьей