«Мен кінәлі емеспін, ол балабақшада ауырып қалды». Кінәлік сезімімен қалай арпаласқаным.

Бала ауырып қалып еді, енді міне, сен әбден жабырқаулысың: бала өзін нашар сезінеді, кежірленеді, ал сен болсаң оны жеңіл киіндіргенің немесе нашар тамақтандырғаның немесе тағысын-тағы үшін өзінді кінәлі сезінесін. 

Мұндай жағдайды басыңыздан өткеріп пе едіңіз? Әрине, өткерген шығарсыз. Менің үш балам бар, сондықтан егер біреуі ауырып қалса, онда қалған екеуі де 100% дерлік тұмауды жұқтыратыны айдан анық. Міне қызықтың көкесі осы кезде басталады: мен тыным таппай арашық сияқты айналып, емдік тозаңды бірінен екіншісіне және керісінше таратамын. Балалар менің қамқорлығымның толқынына бөленеді. Осылайша мен бәріне (және ең алдымен өзіме) жақсы қамқор ана екенімді дәлелдеуге тырысып бағам. Сондай-ақ, мен балалар алдындағы кінәмді-мыс түзетуге тырысамын.

Жақында мен психолог пен ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас жөніндегі кеңесші Лидия Пархитьконың бейнеролигін кездестірдім, онда маман неге бұлай жасаудың қажеті жоқ екенін түсіндіреді.

Егер бала ауру кезінде ғана ананың артқан қамқорлығы мен назарын сезінсе, ол анасымен көбірек уақыт өткізу үшін әдейілеп жиі ауыратын болады. Демек, бұл менің нұсқам екен.

Мен болсам аурған кезде ғана өзіме біраз демалуға мүмкіндік беремін. Ал егер балалар ауырып қалса, мен оларға жаным ашып, әдеттегіден гөрі еркелете бастаймын: мультфильмдерді көруге рұқсат беремін, тәттілерді де сатып аламын және назар аударамын. Бұл ауруға емес, мерекеге айналады.

Мен көрген бейнероликте психолог егер ауру кезінде осындай көңілді демалыстар ұйымдастырса, балаларда қосымша пайда туындайтының айтады. Ал мен болсам әдетте дәл солай істеймін. Балалар себебін тез түсінеді және әдейі болсын, болмасын – ауырып қалғылары келеді.

Қаншалықты құлаққа оғаш естілсе де, бұл шындық. Баланың қалыпты өмірінде жетіспейтін барлық нәрсеге ол ауырған кезде қол жеткізеді. Сондықтан балалардың барлық рақаттары біркелкі болуы өте маңызды: дені сау кезінде де, ауырған кезде де. Яғни, анасы баламен әрқашан сапалы уақыт өткізуі қажет, ал ауру кезінде оған сәл көбірек көңіл бөледі.

Және, әрине, аурып қалған балаға ана тарапынан: «Сен менде ең күштісің, сенің қолынан келеді. Бәрі жақсы болады, сен тез айығасын. Мен не істеу керектігін білемін» деген сөздер ең қымбат болып табылады. Сіз балаға сенім, сабырлылық және оның күшіне сенімділік беретін кез-келген сөздерді айта аласыз. Осылайша сіз кішкентай ағзаға ауруды жеңуге мүмкіндік бересіз. Себебі, стресс иммунитетке қатты әсер етеді.

Біз мазасыздық деңгейін төмендетіп, сабырлығымызды балаға бере аламыз. Бұл үшін алдымен өзіңізге қойылатын талаптардың деңгейін төмендетіп, балалар ауруларында өзіңізді кінәлауды тоқтатқан жөн. Мама в бигуди Дзен арнасының материалдары бойынша https://zen.yandex.ru/rastimdetej

Поделитесь статьей